Басты жаңалықтар
Тоқаев Жеңіс Қасымбекке Астанадағы су тапшылығы мәселесін шешуді тапсырды
2023 жылғы 7 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қала әкімі Жеңіс Қасымбектің елорданы сумен қамту ісінің жай-күйі туралы есебін тыңдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Әкімге сумен жабдықтауда ғана емес, қаланың басқа да өмірлік маңызды жүйелерінде дағдарыстық жағдайлардың туындауын толық жою мақсатында тез арада жүйелі және жедел шаралар қабылдау тапсырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жағдай президент әкімшілігінің бақылауында.
2023 жылдың 6 маусымында Астананың экс-әкімі, қазір вице-премьер-министр Алтай Көлгінов су мәселесін елордадағы халық санының күрт өсуімен байланыстырды.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған