Қазақстанда активтерді қайтару жөніндегі комитет енді инвесторлар құқығын қорғау комитеті деп аталады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жолдауында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі комитеттің атауын Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті болып өзгертуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Бас прокуратураның заңсыз шығарылған активтердің иелерімен жақсы жұмыс атқарғанын атап өтті.
“Қазынаға шамамен 850 млрд теңге қайтарылды. Бұл қаражатқа 10 мектеп пен 4 спорт нысаны салынып, 235 денсаулық сақтау нысаны мен 177 су инфрақұрылым нысанының құрылысы мен жаңғыртылуы жүргізілді”, – деді президент.
Сондай-ақ ол республикалық бюджетке алдағы уақытта қосымша қаражат түсетінін атап өтті.
Талқылау

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
Екатерина Жанғарина: "Екі үлкен шәугім сүті бар шай беріп, "құя бер" деді"

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
Балаға психологиялық әрі физикалық қауіп төнеді