Тоқаев: Вакцинацияның барлық шығынын мемлекет көтереді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикада COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация басталғанын хабарлады. Азаматтарды вакциналауға арналған барлық шығындарды мемлекет көтереді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«1 ақпанда Қазақстанда COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинация басталды. Біз эпидемияға қарсы әлемдік тәжірибені қолданамыз, вакцина пандемияны жеңудің жалғыз сенімді құралы. Азаматтарды вакцинациялаудың барлық шығындарын мемлекет көтерді».
Қарсы көрсеткіштері жоқ азаматтарымыз бұрын-соңды болмаған пандемияда вакцинацияның маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді деп сенемін», - деп жазды Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Ядролық апат кезінде көмек беру: Тоқаев жаңа заңға қол қойды
Қазақстанда коронавирустық инфекциямен ауырғандардың жалпы саны 187 970-ке жетті. Қайтыс болғандар саны 2556-ға дейін өсті. Аурудан айыққан науқастардың саны 168 мыңнан асты. Сонымен қатар, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан туындаған пневмониямен 47 874 науқас тіркелді. Оның 570-і көз жұмды.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
