Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ядролық апат кезінде көмек беру: Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттердің Ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдайларға дайын болу және олардың салдарын жоюға өзара көмек туралы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Ядролық апат немесе радиациялық төтенше жағдай кезіндегі дайындықты қамтамасыз ету және олардың салдарын жоюға өзара көмек көрсету бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Келісімді әзірлеу 2016 жылғы 18 наурыздағы ТМД-ға мүше мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ядролық және радиациялық қауіпсіздік тұжырымдамасын іске асырудың бірінші кезектегі шаралар жоспарымен қарастырылған.

Заң жобасын энергетика министрі Нұрлан Ноғаев бұл келісім мамандандырылған авариялық-құтқару отрядтарының, мамандардың, жабдықтардың, көлік құралдары мен материалдардың, осы құрамалар үшін техникалық құрал ретінде пайдаланылатын трансшекаралық қозғалыс процедураларын жеңілдететіндігін атап өтті. 

Келісімге Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы қатысады. 

Талқылау