Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев төтенше жағдайды ұзарту туралы жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайдың мерзімін ұзарту туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Тоқаев
"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін:

Қазақстан Республикасы президентінің "Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы" 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 жарлығымен енгізілген Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдайды 2020 жылдың 11 мамырында 00:00-ге дейін ұзарту.

Қазақстан Республикасының үкіметі орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен бірге осы жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

Бұл жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді", - делінген жарлықта.

 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 29 Сәуір, 2020 18:04
Талқылау