Тоқаев тағы қазақстандықтарға үндеу жолдамақ
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екінші жолдауын жариялайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін біз пандемия кезінде экономикамызды даму жолына шығаратын маңызды әрі осы кезең үшін шұғыл мәселелерді қарастырдық. Дегенмен мен өзімнің екінші жолдауымда экономикалық серпінге бастайтын жаңа шараларды ұсынатын боламын", - деді президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы дағдарыс болса, онда ел экономикасына қауіп төнетінін атап өтті.
"Қазақстан үшін дағдарыс біздің экономикамыздың шикізаттық сипатына байланысты өте қауіпті. Бізге оның барлық белгілері бар жаңа курс қажет", -деді Тоқаев.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”