Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Сары уайымға салынбаңыздар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды карантин ережелерін сақтауға және сабырлыққа шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

Бұл туралы президенттің Twitter парақшасында жарияланды.

«Азаматтарды карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамын. Сары уайымға салынуға болмайды. Көңіліміз көтеріңкі болып, жарқын болашаққа сенуіміз керек. Басты тойларымыз әлі алда. Коронавирусқа шалдыққандарға қажетті ем жасалады. Азаматтарға, бизнеске материалдық қолдау көрсетіледі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салайық, қазіргі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны 80-ге жетіп отыр. Олардың екеуі аурудан жазылыпты


 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 25 Наурыз, 2020 17:46
Талқылау