Тоқаев Ресей мен Францияға барады
Қасым-Жомарт Тоқаев осы айда Франция мен Ресейге ресми іссапарға барады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сүйене отырып.
inform.kz
Мемлекет басшысы 28 қарашада Ресейге барып, Владимир Путинмен бірге келіссөз жүргізбек. Екі президент видео-конференция арқылы Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысады.
Тоқаев 29 қарашада Парижге барады. Онда ол Франция президенті Эммануэль Макронмен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы стратегиялық әріптестікті дамыту мәселесін талқылайды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”