Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Путиннен көмек сұрады: Ресей Қазақстанға қалай жәрдемдесе алады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путиннен көмек сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресей жақындарынан айрылғандардың қайғысына ортақтасады

Қазақстан мен Ресейдің басшылары шекаралас елдердегі коронавирустың таралуына тосқауыл қою жөніндегі іс-қимылдарға қатысты мәселелерді талқылады.

Президенттер Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің белсенді байланыстарын атап өтіп, екі елдің атқарушы органдары іс-әрекеттерінің үйлесімділігін күшейтуге байланысты ортақ пікір айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге сынама жүйесінің 4 мың жиынтығын бергені үшін ризашылығын білдірді. Ресей президенті өндірістің ұлғаю мүмкіндігіне қарай гуманитарлық көмек ретінде берілетін сынама-жүйесінің жиынтықтар санын арттыра түсетінін  жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге Ресей арқылы келетін  және шекаралық аймақтағы Қазақстан азаматтарының қайтуына ықпал етуді сұрады. Владимир Путин туындаған мәселені шешуге Ресей үкіметі көмектесетінін айтты.

Ресей президенті сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің және Еуразиялық экономикалық одақ аясында өзара іс-қимылдарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік әріптесін конституциялық реформалардың табысты жүзеге асырылуымен құттықтап, жалпыұлттық дауыс берудің оң нәтиже беретініне сенім білдірді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда қайырымдылық жасамақшы болған кәсіпкер бес күнге қамалды

Тегін азық-түлік алуға келген жұрт жаға-жыртысып, шу шуғарған

Петропавлда медициналық қызметкер өзінің 86 жастағы анасына коронавирус жұқтырған

СҚО-да ауру жұқтырған 18 адам тіркелген

Атырауда облыстық аурухананың 200 қызметкері 14 күнге карантинге жабылды

Ауруханада коронавирус жұқтырған науқас анықталыпты

Қостанайда маска киюді талап еткен жүргізушіні соққыға жыққан азамат ұсталды

Іздестіру барысында Қостанай қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталды

Қостанай облысына коронавирус қалай келді?

Қостанайда алғаш рет короавирус анықталып отыр

Қазақстанда коронавирусқа тағы 4 адам шалдықты

Науқастардың саны 464-ке жетті

Түркістан облысында бір жастағы сәби мен оның анасы коронавирус жұқтырған

Соңғы тіркелгендер - коронавирусты жұқтырғандармен байланыста болғандар

"Бұл елде панасыздардың өзіне өлмейтіндей жағдай жасалған": Журналист Назира Байырбек АҚШ-та өзін таңғалдырған дүниелер туралы

Оқуға түсіп, отбасымен АҚШ-қа аттанған журналист алғашқы әсерлерімен бөлісті

Қостанайда автобус жолаушысы маска киюді талап еткен жүргізушіні ұрып-соқты

Полицейлер 31 жастағы Қостанай қаласының тұрғынын ұстады

Біртанов: Егер коронавирус күзде қайталанса, біз оған дайын болуымыз керек

Басқа елдерде індет аяқталғанымен күн сайын жаңа науқастар пайда болуда
Çàãðóçêà...