Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев парламент сайлауы нақты қашан өтетінін айтты

Фото: ChatGpt арқылы жасалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға қол қойғаннан кейін парламент сайлауын жаңа сессияның ашылуына дейін өткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Президенттің айтуынша, заң шығару үдерісі алдағы парламент сайлауымен қатар жүреді.

“Сайлауды жаңа сессияның ашылуына дейін өткізу жоспарланып отыр. Сол уақытқа дейін тиісті заңнамалық базаны толық әзірлеуді аяқтау қажет. Елімізді құқықтық және саяси тұрғыдан түбегейлі жаңғырту жыл соңына дейін, тіпті келесі жылы да жалғасуы мүмкін”, – деді Тоқаев.


Жаңа Конституция қабылданған соң 2026 жылдың жазында Парламент сайлауы өтпек


Депутаттар саны 145 болмақ: Тоқаев бір палаталы парламентті "Құрылтай" деп атауды ұсынды


Мемлекет басшысы алдағы кезеңде билік институттарын реформалау, жаңа құрылымдар құру,  олардың құрылымы мен кадрлық құрамын өзгерту міндеті тұрғанын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев 15 наурызды Конституция күні деп жариялап, жазда Парламент сайлауы өтетінін айтқан еді. 

Нұрила Жұмаділлә
Сейсенбі, 17 Наурыз, 2026 15:11