Тоқаев Пәкістандағы су тасқынына байланысты көңіл айтты

Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифке көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Пәкістандағы су тасқыны мен нөсер жаңбыр салдарынан мерт болғандардың жақындарына көңіл айтты.
"Қаза болғандардың отбасына шын көңіліммен көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін", – делінген жеделхатта.
Пәкістан мен Үндістандағы нөсер жаңбыр мен су тасқынынан кейін қаза тапқандар саны 365 адамға жетті, оның кемінде 300-і Пәкістанда. Бірқатар елді мекендерді су басқаннан кейін көптеген тұрғындар із-түзсіз жоғалғандар тізімінде.
Еске салсақ, Пәкістанда нөсер жауын мен су тасқыны салдарынан 300-ден астам адам қаза тапқаны айтылды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген