Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев "Орталық Азия – АҚШ" мемлекеттер басшыларының саммиті аясында Байденмен кездесті (видео)

Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – АҚШ" мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысып, АҚШ президенті Джо Байденмен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаев кездесті

Сурет: Ақорда

Ақорда мәліметінше жиында С5+1 серіктестігі арқылы экономика, энергетика және қауіпсіздік салаларында Орталық Азияның егемендігін, орнықты дамуын және өркендеуін одан әрі нығайту үшін бірлесіп жұмыс істеу мәселесі талқыланған. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ президенті Джозеф Байденнен кейін сөйледі.

“Сонымен қатар шараға Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты”, – делінген хабарламада. 

Тоқаев

Қатысушылар стратегиялық серіктестікті, саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, сондай-ақ Еуразия құрлығындағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мәселелерін жан-жақты талқылады. 

“Саммитте экономикалық ынтымақтастық мәселесіне, сондай-ақ америкалық компаниялардың маңызды қазба байлықтарды игеру, жаңартылатын энергия көздері, өңдеу өнеркәсібі және басқа да бағыттарды дамыту мүмкіндіктеріне баса мән берілді. Бұдан бөлек, пікірталас барысында қауіпсіздік проблемаларын, соның ішінде киберқауіпсіздік, терроризм, экстремизм, заңсыз миграция және есірткі тасымалы секілді қауіп-қатерлерді шешу үшін ынтымақтастықты нығайту перспективалары қарастырылды”, – деді Ақорда өкілдері. 

Қазақстан Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталығын ашу ісінде АҚШ тарабының қолдауына сенім артатынын жеткізген. 

Талқылау