Тоқаев Нью-Йоркте Дональд Трамппен сөйлесті
Фото: akorda.kz
Нью-Йорк қаласына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақорданың мәліметінше, әңгіме барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына ерекше назар аударылған.
Дональд Трамп экономика және сауда салаларындағы ықпалдастықты кеңейтудің маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ президенттер халықаралық ахуалға қатысты өзекті мәселелерді талқылаған.
Еске салсақ, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Amazon компаниясының аға вице-президенті Дэвид Запольскимен кездескен еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген