Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс съезін шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс съезін шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов Facebook-те жазды. Партияның съезі 1 наурыз күні өтеді. 

"Бүгін "Nur Otan" партиясының Төрағасы Қ.К.Тоқаев 1 наурызда кезектен тыс XXII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады. 

Оған бүкіл аймақтардың делегаттары қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық шараларын қолға алды.  

Съезд барысында партия жұмысын жаңғырту басымдықтары талқыланады", - деп жазды Оралов. 


 

Назгүл Әбушәріпқызы
Жұма, 18 Ақпан, 2022 12:23
Талқылау