Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Президент орыс тілінде сұхбат беруі жайлы: Ешқандай кемсітушілік жоқ

Мемлекет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғаларынан кейін орыс тілінде сұхбат беруіне қатысты пікір білдіріп, мұнда ешқандай кемсітушіліктің жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев

"Көптеген телеарналар менен сұхбат беруімді сұрады. Барлығынан бас тартып келгенмін. Бірақ "Хабар" арнасына сұхбат бердім. Себебі елде қаңтар оқиғаларына қатысты жалған ақпараттар тарай бастады және мұның алдына алу керек болды. Сұхбат мақсаты – әлемдік қауымдастыққа Қазақстандағы жағдайлар туралы шындықты жеткізу. Кейін сұхбат шетелдік БАҚ беттерінде үлкен талқыға түсті", – дейді Президент. 


Тоқаев өзін елден қууғы тырысқандары жөніндегі нұсқаның шындыққа жанасатынын айтты


Тоқаев орыс тілінің Біріккен Ұлттар Ұйымындағы 6 тілдің бірі екенін естен шығармау керегін айтты.

"Елдегі мәселелер жайлы мемлекеттік тілде айтқан дұрыс. Ұлттық тіліміз алдымен өзімізге керек. Сондықтан тілге құрмет танытуымыз қажет", – деді Тоқаев. 

29 қаңтарда Тоқаев "Хабар" арнасына орыс тілінде сұхбат берген еді. Мұнда ол лаңкестер әрекеті, ақпараттық соғыс пен Ресеймен арадағы қарым-қатынас және өзге де мәселелер жөнінде айтқан.

Назархан Уән
Жұма, 18 Ақпан, 2022 08:42
Талқылау