Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Маңғыстау облысындағы ауыз су жетіспеушілігі мәселесін тез арада шешуді тапсырды

Президентке Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы тұрғыны тұщы су тапшылығы туралы өтініш айтқан. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені қысқа мерзімде шешуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Судың жетіспеушілігі әсіресе жаз мезгілінде айқын көрінеді.

Мәселені кезең-кезеңімен шешу үшін өңірде тұщыландыру зауыттары мен қондырғыларының құрылысы жүргізілуде.

Мұнайлы ауданында күрделі жағдай қалыптасуда. "Каспий" тұщыландыру зауытында жөндеуге байланысты ауданға су беру тәулігіне 13 мың м3-тен тәулігіне 10 мың м3-ке дейін төмендеді.

Үкімет резервінен "Каспий" тұщыландыру зауытының қуатын тәулігіне 20 мың м3 -ке ұлғайтуға 5,6 млрд теңге бөлінеді. Жеткізу тәулігіне 40 мың м3 ауыз суға дейін жеткізіледі.

Талқылау