Тоқаев Макронның тезірек сауығып кетуін тіледі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция президентінің тезірек сауығып кетуін тіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР президентінің Twitter-дегі парақшасында жазылды.
"Президент Эмманюэль Макронға тезірек сауығып, Францияның игілігі жолындағы белсенді қызметін жалғастыруына тілектеспін. Халықаралық қауымдастық күш-жігер біріктіре отырып, коронавирус індетін еңсереді деп сенемін!", - деп жазды Тоқаев.
Еске салайық, бұған дейін Франция басшысы Эмманюэль Макронның коронавирус жұқтырғаны белгілі болған еді.
Айта кетейік, Франция президенті қазақстандықтарды Тәуелсіздік мейрамымен құттықтаған еді.
Талқылау
Пікір
Çàãðóçêà...