Тоқаев Люксембург премьер-министрімен кездесті
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург премьер-министрі Люк Фриденмен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Келіссөз барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері талқыланды.
Президент Қазақстан мен Люксембург ертеден достық және сындарлы қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.
Сауда-инвестициялық ықпалдастықты дамытуға, сондай-ақ цифрландыру мен қаржы технологиялары салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға ерекше мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден осы мақсатта екі елдің бизнес қауымдастығы арасындағы байланыстарды жандандыруға уағдаласты.
Еске салсақ, осыған дейін Тоқаев Нью-Йоркте Дональд Трамппен сөйлескенін жазғанбыз. Артынша мемлекет басшысы Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесу өткізді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген