Тоқаев коронавирустың екінші толқынының қаупі туралы ескертті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі парақшасында коронавирусқа байланысты қазақстандықтарға тағы бір рет жүгінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қауіпі сейілмегенін ДДСҰ да растады", - деп жазды мемлекет басшысы.
Ол қазақстандықтардан санитарлық талаптарды сақтауды сұрады.
"Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстанда 3 маусым күні болған мәліметтер бойынша, коронавирустың расталған жағдайларының саны 11 796-ны құрады, 6240 адам сауығып, 48 пациент көз жұмды.
Талқылау

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
Министрліктің мәліметінше, бұған дейін әр өңірде су бағасы әртүрлі есептелген

Астаналық әйел тірі ұлын "өлтіріп", 100-ге жуық әріптесінен ақша жинаған
Жәбірленуші: "Гүлмира Ашимов Ұлттық ұландағы подполковниктің әйелі"