Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Кипр елімен қылмыскерлермен алмасу туралы келісімнің жобасын мақұлдады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр елімен қылмыскерлермен алмасу туралы келісім жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасы мен Кипр Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы келісімнің жобасы мақұлдансын", - делінген Тоқаевтың жарлығында.

Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.



"Осы Шарттың ережелеріне және өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес Уағдаласушы мемлекеттер көмекке жүгінген кезде жазасы Сұрау салушы мемлекеттің юрисдикциясына кіретін құқық бұзушылықтарға қатысты қылмыстық істер бойынша бір-біріне барынша кең құқықтық көмек көрсетуге міндеттенеді", - деп көрсетілген келісім жобасында.

Сонымен қатар уағдаласушы мемлекеттердің орталық органдарға қатысты кез келген өзгерістер мен толықтырулар туралы бір-біріне дипломатиялық арналар арқылы хабар беретіні айтылған.

Тоқаев өзге жарлығымен Кипрмен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы келісім жобасын мақұлдады.

Ақберен Амангелді
Сейсенбі, 26 Шілде, 2022 11:12
Талқылау