AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия елдерінің одағын құру мәселесі кейінге шегерілді: Президенттер ортақ пәтуаға келе алмады

Өткен аптада Ыстықкөлдің солтүстік жағалауында өткен Орталық Азия елдері көшбасшыларының кездесуін аймақтық интеграция жолындағы тарихи қадам деп атаған еді. Алайда шара айтарлықтай нәтиже бермеді. Президенттер Орталық Азиядан тыс жерлердегі қауіп туралы келелі мәселелерді қозғады. Дегенмен кездесудегі ең маңызды құжат – XXI ғасырда Орталық Азияны дамыту мақсатындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қоятын кезде екі ел бас тартқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Eurasianet басылымына сілтеме жасап. 

президент

Саммитті ұйымдастырған Қырғызстан билігі Тәжікстан мен Түркіменстан ішкі рәсімдерді аяқтаған соң, келісімшартқа қосыла алатынын мәлімдеді. Дегенмен екі елде де авторитарлық режим бар, яғни мұнда президенттің пікірі басымдыққа ие. 

Басылым дереккөзінің мәліметінше, бұл әзірге аймақ елдері біріге алмайды дегенді білдірмейді екен. Сонымен қатар Түркіменстан мен Тәжікстан келісімшартқа алдағы апталарда қол қоюы әбден мүмкін. 

Бастапқыда "Достық туралы келесім" идеясын Нұрсұлтан Назарбаев көтерген. Ол 2019 жылы қарашада Ташкентте өткен Орталық Азия елдері басшыларының екінші кездесуінде осы тұжырымды ұсынды. 

Ғаламдық пандемия кезінде бұл бастама маңыздылығынан айырылғанымен, 2021 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев қайта көтерді. Шолпан-Атадағы кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл тұжырымға қаншалықты сеніммен қарайтыны көрінді. 

"Орталық Азиядағы экономикалық серіктестік басты болмаса да, елдеріміздегі халық шаруашылығы дамуының негізгі көзі болады. Құрылымдық және инфрақұрылымдық шектеулерді жою үшін тығыз байланыс орнату маңызды", – деді ол. 

Тоқаев Өзбекстанның оңтүстігінен басталып, Ауғанстан мен Пәкістан арқылы өтетін Мазари-Шариф – Кабул – Пешавар темір жолының маңызы туралы айтып өтті. Әрі 2014 жылы ашылып, Қазақстаннан Түркіменстан арқылы Иранға өтетін темір жолдың дәл осы мүмкіндікті бере алатынын қосып өтті. 



Дегенмен өзге президенттер басқа мәлелелерді қозғады. Мысалы, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов алғашқы бірнеше минутты экстремизм, терроризм, есірткі мен қарудың заңсыз айналымы және киберқылмысқа арнады. Өз сөзінің соңында ол Орталық Азия елдері елдегі тәртіпсіздіктер кезінде арқа сүйеуді ұнататын сыртқы күштер туралы айтып өтті. 

"Біздің елдерімізде жақында болған оқиғалар түрлі күштердің аймақта тұрақсыздық отын жағуды әлі де жоспарлайтынын көрсетті", – деді Рахмонов. 

Бұл сөзі арқылы ол Қазақстандағы қаңтар оқиғасын, мамыр мен маусымда Тәжікстандағы Таулы Бадахшан аймағындағы оқиғаларды және шілдедегі Өзбекстанда болған оқиғаларды айтуы мүмкін. 

Түркіменстан президенті өз мәлімдемесінде "Орталық Азия халықтарының тарихи дәстүріне қарсы келетін ұстанымдар мен идеялар" туралы айтты. Сердар Бердүмұхамедов те Рахмонов секілді Ауғанстанды еске алып, тәліптермен татуласы жайлы сөз қозғады. 

"Ауғанстанмен көршілер елдер ретінде бұл елдегі жағдайды тұрақтандыруға, бейбіт жолмен жалпыұлттық келісімге қол жеткізу үшін тиімді жағдай жасауға бағытталған әрекеттерді көбейте түсу қажет", – деді Бердімұхамедов. 

Соңғы болып сөйлеген Садыр Жапаров "деструктивті күштерден төнетін қауіп" жайлы қайталап өтті. 

Ал Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёв әлемдік экономикаға қатысты алаңдаушылығын білдірді. Экономикалық тұрақсыздық инфляцияны өсіріп, Орталық Азиядағы энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіретінін мәлімдеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр