Тоқаев қазақстандық мұғалімдерді марапаттады: Орден мен медальді кімдер алды?
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру саласына қосқан елеулі үлесі және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ ұстазды мемлекеттік наградамен марапаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Парасат" орденімен
Жаңбыршиева Ұлжан – Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті" КеАҚ доценті
Мұсайбеков Рашид Қабдулқалиұлы – Ғылым және жоғары білім министрлігінің "Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті" КеАҚ сеньор-лекторы;
"Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" құрметті атағы берілсін
Әбдірайымова Гүлнар Фазылкәрімқызы – "ASTANA POLYTECHNIC" жоғары колледжі" КМК оқытушысы, Астана қаласы
Ванов Қуантқан Рзаұлы – еңбек ардагері, Маңғыстау облысы
Губаева Мүгілсін Мәулетқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы
Жәмішева Сәуле Абрашқызы – "Республикалық физика-математика мектебі" КеАҚ әдіскері, Алматы қаласы
Райымбекова Ұлжан Кеттешқызы – "№ 7 "Тұран" мектеп-гимназиясы" КММ мұғалімі, Түркістан облысы
Серекеева Күміскүл Дүйсенқызы – "М. Дүйсенов атындағы мемлекеттік жалпы білім беру № 15 мектеп-лицейі" КММ мұғалімі, Қызылорда қаласы
Талқанбаев Мұхтар Дәулетұлы – "Дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Дарын" лицей-интернаты" КММ мұғалімі, Жамбыл облысы
Темірболатова Әлия Есқалиқызы – "Ж. Жабаев атындағы № 161 лицей" КММ мұғалімі, Алматы қаласы
Шералхан Гүлмира – "Т. Тәжібаев атындағы № 47 мектеп-гимназия" МКК мұғалімі, Шымкент қаласы;
"Құрмет" орденімен
Мергенбаева Назигүл Оразбайқызы – "№ 206 мектеп-гимназия" КММ мұғалімі, Алматы қаласы
Оспанова Айман Қадырқызы – "Ғ. Мүсірепов атындағы № 86 мектеп-гимназия" КММ мұғалімі, Алматы қаласы
Тазабекова Рахат Қасымқызы – еңбек ардагері, Алматы облысы
Таңатқанова Нағима Жақыпқызы – еңбек ардагері, Алматы қаласы
Төлепова Ләззат Жайшылыққызы – "Облыстық арнаулы мектеп-интернат" КММ директоры, Атырау облысы
Хамзина Шынар Ғабдісаматқызы – "Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы" КММ тәрбиеші-анасы, Батыс Қазақстан облысы;
"Ерен еңбегі үшін" медалімен
Әлиева Сәлима Темірболатқызы – "№ 35 мектеп-лицей" КММ мұғалімі, Батыс Қазақстан облысы
Базарбаева Сәруар Оразқызы – "Жоғары құрылыс-экономикалық колледжі" КМҚК оқытушысы, Солтүстік Қазақстан облысы
Жалпақов Талғат Теміржанұлы – "Ақпараттық технологиялар колледжі" КМК оқытушысы, Павлодар облысы
Жұмағалиева Шырын Рахымбайқызы – "К. Ушинский атындағы № 7 орта мектеп" КММ мұғалімі, Талдықорған қаласы
Забиякина Оксана Сергеевна – "Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Н. Смағұлов атындағы мектеп-лицейі" КМК мұғалімі
Құдайбергенова Татьяна Сергеевна – "Школа Будущего "Әділет" балабақша-мектеп кешені жеке меншік мекемесінің мұғалімі, Қарағанды облысы
Қыдырпатшаева Күлзира Орзанбайқызы – "№ 8 гимназия" КММ мұғалімі, Жезқазған қаласы
Омарбекова Айгүл Төлеутайқызы – "Геологиялық барлау колледжі" КМҚК оқытушысы, Абай облысы
Рахымбаева Жанар Дайырқажықызы – "SOS Астана балалар ауылы" ЖББМ тәрбиешісі;
"Шапағат" медалімен
Лукашевич Александр Аркадиевич – "Urban School" ЖШС директоры, Астана қаласы
Шаңбаев Дархан Түгелбайұлы – "Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі" МҚК оқытушысы.

"Студенттердің шәкіртақысында несі бар": Қазақстандықтар шетелде оқитын жастарға салық төлету туралы ережені сынға алды
