Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Иранның Қазақстандағы елшілігіне барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Иран Ислам Республикасының елшілігінде болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ақорда

Тоқаев тікұшақ апаты салдарынан президент Ибрагим Раиси мен үкіметтік делегация мүшелерінің қазасына байланысты Иран халқына көңіл айтып, қолдау білдірді. 

Мемлекет басшысы көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

"Мен Иран Ислам Республикасының президенті Ибрагим Раиси мен үкімет делегациясының мерт болғаны туралы хабарға қайғыра көңіл айтамын. Ибрахим Раиси – Отанына адал қызмет еткен өз ұлтының ұлы перзенті", – деді президент.

Тоқаевтың айтуынша, Ибрахим Раиси екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор үлес қосқан дана басшы, беделді саясаткер және көрнекті қайраткер ретінде біздің жадымызда мәңгі сақталады.

"Қазақстан халқының атынан және жеке өз атымнан бауырлас Иран халқына көңіл айтамын", – деді ол.

Еске салсақ, Иран президенті тікұшақ апатынан қаза тапқаны туралы хабарлаған едік. Жағдайдан соң Тоқаев Иран президентінің қазасына қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Талқылау