Тоқаев Гонконгтағы алапат өртке байланысты Си Цзиньпинге көңіл айтты

Фото: Ақордадан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өртке байланысты Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
“Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты. Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Гонконгта 4000 адам тұратын тұрғын үй кешені түгелдей өртенгені туралы хабарлаған едік. Өрттен 50-ге жуық адам қаза тапты.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"