Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Эвересті бағындырған қазақ қызымен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эверест шыңын бағындырған тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашеваны жеке құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Президент оның жетістігі жастарды спортпен шұғылдануға шабыттандырғанын атап өтті.
Сондай-ақ ол альпинизм орасан зор ерік-жігерді, төзімділікті, психологиялық және физикалық дайындықты қажет ететін қиын әрі қауіпті спорт түрі екеніне тоқталды.

Анар Бурашева альпинизмді 2015 жылы бастағанын, соңғы 4 жылда кәсіби шеберлікті меңгергенін айтты. Эверестке көтерілмес бұрын ол көптеген шыңдарға, соның ішінде Монблан альпіне және Африкадағы ең биік тау Килиманджароға көтерілген.  

Әңгіме барысында Анар әлемдегі ең биік шыңға шығу жоспарымен бөлісті. Ол, сондай-ақ, президентке Эверестті бағындырған Қазақстанның туын табыс етті. Мемлекет басшысы отандық спортшылардың халықаралық аренада елімізді лайықты танытып жатқанын атап өтіп, Анар Бурашеваға жаңа белестерді бағындыруын тіледі.

Талқылау