Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды. 

"Еліміздегі барша медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Ауырған жанды емдеу, өмірін сақтау – сіздердің қастерлі еңбектеріңіз. Бүгінде көпшілігіңіз пандемиямен күрестің алдыңғы шебінде жүрсіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Аман болыңыздар! Мемлекет сіздерге жан-жақты көмек береді", - деді Тоқаев. 

Бұған қоса, ақ халаттыларды үкімет басшысы Асқар Мамин, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин кәсіибе меркемен құттықтап ізгі тілектерін білдірді. 


 

STAN.KZ
Жексенбі, 21 Маусым, 2020 11:47
Талқылау