Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев дәрі-дәрмек бағасын өсіргендер жазаланатынын айтты

Азаматтар дәріханалардағы өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге бағаның негізсіз өсу фактілеріне шағымданады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті әлеуметтік желідегі парақшасында  жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпара агенттігі. 

Тоқаев дәрі-дәрмек бағасын өсіргендер тиісті жазаланатынын жеткізген. 

"Азаматтар дәріханаларда дәрі-дәрмектің бағасының негізсіз өсу фактілеріне шағымданып жатыр. Пандемия жағдайында бұлай болуы мүмкін емес. Үкімет пен құқық қорғау органдарына бұл мәселені шешуді тапсырамын. Кінәлілер жауапқа тартылады", - деді мемлекет басшысы.

Осыған дейін денсаулық сақтау вице-министрі людмила Людмила Бюрабекова қазақстандықтардан антибиотиктерді өз бетімен ішпеуді және өзін-өзі емдеумен айналыспауды өтінді.

 


Талқылау