Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев бір палаталы парламент құруды ұсынды

Тоқаев бір палаталы Парламент құруды ұсынды

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдау кезінде бір палаталы парламент құру туралы бастама көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мен сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы парламент құру туралы бастама көтергім келеді”, – деді Тоқаев өз сөзінде.

Ол мұның өте маңызды мәселе екенін және оны асығыс жүзеге асыруға болмайтынын атап өтті.

“Бұл реформа азаматтық секторда, сарапшылар ортасында, сондай-ақ, әрине, қазіргі парламентте жан-жақты талқылануы қажет. Реформаның мән-маңызы айрықша екенін ескерсек, оны талқылауға бір жыл уақыт керек деп ойлаймын. Содан кейін, яғни, 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болар еді. Содан соң Конституцияға тиісті өзгеріс енгізе аламыз. Мен мемлекеттің тағдырын айқындайтын барлық мәселе халықтың келісімімен ғана шешіледі деп бұған дейін бірнеше рет айттым”, – деді президент.

Тоқаев егер бір палаталы парламент құру қажет деп шешілген жағдайда, парламентті тек партиялық тізім бойынша сайлағанды жөн санайтынын айтты.

Айым Болатқызы
Дүйсенбі, 08 Қыркүйек, 2025 12:49
Талқылау