Тоқаев биыл да туған күнін тойламайды

Фото: Akorda.kz
Президенттің баспасөз қызметі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ресми мәлімдемеде президент туған күнін атап өтпейтіні айтылған.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне байланысты мерекелік іс-шаралар жоспарланбаған. Президент бұл датаны атап өтпейді", – делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткен емес. Тоқаев Президент әкімшілігі қызметкерлерінен де туған күнімен құттықтамауын сұраған. Президенттің бұрынғы баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың ұстанымы осындай екенін, оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау әдетке айналмағанын айтқан еді.
Қазақстандағы ең ірі мәмілелер: "Қазақмыс" пен "Қазцинктің" жаңа қожайындары туралы не белгілі
Саясаттанушылар екі кәсіпкер мен олар жасаған мәмілеге қатысты пікір білдірді
Қазақстандық әйел декретке шыққандағы қателігі үшін мемлекетке ақшасының бір бөлігін қайтарған
Мадина: "Ол кезде екі түрлі заң жұмыс істеді, бәрін талапқа сай жасадым"