Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бибігүл Төлегенова мен Олжас Сүлейменовке стипендия тағайындады

тоқаевФото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны тағайындау туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақорда мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілген тұлғалардың жеке құрамын жариялады.

Мемлекеттік стипендия Бибігүл Төлегеноваға, Олжас Сүлейменовке, сондай-ақ өнер мен мәдениет саласының басқа да көрнекті қайраткерлеріне тағайындалды.

Әдебиет қайраткерлері 

  • Айтхожа Марфуға – 1936 жылы туған, ақын, "Барыс" II дәрежелі және "Парасат" ордендерінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" және "Халық жазушысы" құрметті атақтарының иегері, Мемлекеттік сыйлық лауреаты.

  • Ақсұңқар Серік – 1950 жылы туған, ақын, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері, Мемлекеттік сыйлық лауреаты.

  • Амантай Дидар – 1969 жылы туған, жазушы, "Құрмет" орденінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері, "Дарын" Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

  • Асқар Әлібек – 1951 жылы туған, жазушы, "Барыс" II дәрежелі және "Парасат" ордендерінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері, Мемлекеттік сыйлық лауреаты.

  • Ахметова Зейнеп – 1945 жылы туған, жазушы, "Құрмет" орденінің иегері, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты.

  • Әбдікұлы Төлен – 1942 жылы туған, жазушы, "Барыс" I дәрежелі және "Парасат" ордендерінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" және "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атақтарының иегері, Мемлекеттік сыйлық лауреаты.

  • Әшіров Ахмет – 1938 жылы туған, жазушы-драматург, "Құрмет" орденінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" және "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атақтарының иегері.

  • Бақтыгереева Ақұштап – 1944 жылы туған, ақын, "Отан" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығы және Мемлекеттік сыйлық лауреаты.

  • Бөпежанова Әлия – 1952 жылы туған, әдебиет сыншысы, "Құрмет" орденінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты.

  • Елғондинова Заида – 1947 жылы туған, ақын, "Құрмет" орденінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты.

  • Елубаев Смағұл – 1947 жылы туған, жазушы, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" және "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атақтарының иегері.

  • Жағанова Алтыншаш – 1945 жылы туған, ақын, драматург, "Барыс" III дәрежелі және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері.

  • Жайлыбай Ғалым – 1958 жылы туған, жазушы, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығы және Мемлекеттік сыйлық лауреаты.

  • Жанғалиев Төлеген – 1950 жылы туған, ақын, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты.

  • Жолдасбеков Мырзатай – 1937 жылы туған, мемлекеттік және қоғамдық қайраткер, "Отан", "Барыс" І және III дәрежелі, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері.

  • Иманғазина Бибігүл – 1940 жылы туған, жазушы, "Барыс" I дәрежелі, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты.

  • Исабаев Нұртас – 1954 жылы туған, ақын, "Құрмет" орденінің иегері.

  • Қабышұлы Ғаббас – 1935 жылы туған, сатиирик, "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағының иегері, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты.

  • Куатов Даурен – 1973 жылы туған, жазушы, "Құрмет" орденінің иегері, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының түркі әлемі жазушылары сыйлығының лауреаты.

  • Мұқанова Роза – 1964 жылы туған, драматург, "Құрмет" орденінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

  • Нұржан Светқали – 1962 жылы туған, ақын, "Отан" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

  • Нұржекеев Бексұлтан – 1941 жылы туған, жазушы, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" және "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атақтарының иегері.

  • Нұрмағанбетов Тынымбай – 1945 жылы туған, жазушы, "Отан" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

  • Рахымжанова Айзада – 1991 жылы туған, ақын, республикалық поэзия байқауларының жүлдегері.

  • Салғараұлы Қойшығара – 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, "Барыс" III дәрежелі және "Парасат" ордендерінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

  • Салықбаева Гүлнара – 1963 жылы туған, ақын, "Алаш" халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты.

  • Сүлейменов Олжас – 1936 жылы туған, ақын, "Қазақстанның Еңбек Ері" құрметті атағының иегері, "Отан" және "Барыс" I дәрежелі ордендерінің иегері, "Қазақстанның халық жазушысы" құрметті атағының иегері.

  • Тұрғынбекұлы Серік – 1946 жылы туған, ақын, "Парасат" орденінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

  • Шапай Тұрсынжан – 1957 жылы туған, жазушы, "Құрмет" орденінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері.

Өнер қайраткерлері 

  • Айтуаров Ерлан – 1950 жылы туған, суретші, "Құрмет" орденінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері.

  • Асылханов Ермек – 1951 жылы туған, суретші-дизайнер, "Құрмет" орденінің иегері, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

  • Ахметова Шайза – 1948 жылы туған, актриса, "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағының иегері.

  • Әспетова Күлжахан – 1946 жылы туған, актриса, "Отан" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағының иегері.

  • Әбілтай Шәміл – 1948 жылы туған, күйшi-домбырашы, "Барыс" II дәрежелі орденінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері.

  • Байбосынов Қайрат – 1950 жылы туған, әнші, "Қазақстанның Еңбек Ері" құрметті атағының иегері, "Парасат" және "Достық" II дәрежелі ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

  • Байсейітова Раушан – 1947 жылы туған, балерина, "Құрмет" орденінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

  • Балаев Геннадий – 1940 жылы туған, актер, "Парасат" орденінің иегері, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

  • БекҚҰлова Айжан – 1954 жылы туған, қолөнерші, "Құрмет" орденінің иегері.

  • Беркенова Әсия – 1950 жылы туған, айтыскер, "Барыс" III дәрежелі және "Құрмет" ордендерінің иегері.

  • Бубэ Нэлли – 1949 жылы туған, суретші, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының құрметті медалімен марапатталған.

  • Ерманов Жүрсін – 1951 жылы туған, ақын, "Отан", "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері.

  • Еслямова Самал – 1984 жылы туған, актриса, "Құрмет" орденінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері, Канн кинофестивалінің "Үздік әйел рөлі" сыйлығының лауреаты, Азия киноакадемиясының "Үздік актриса Азия" сыйлығының иегері, Ресей киноөнер академиясының "Ника" сыйлығының лауреаты.

  • Жайымов Айтқали – 1947 жылы туған, дирижер, композитор, "Парасат" орденінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" және "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атақтарының иегері.

  • Жақанов Ілия – 1936 жылы туған, музыковед, өнертанушы, "Қазақстанның Еңбек Ері" құрметті атағының иегері, "Отан" және "Парасат" ордендерінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері.

  • Жаманбаев Базарғали – 1942 жылы туған, дирижер, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

  • Жаманқұлов Тұңғышбай – 1948 жылы туған, актер, "Барыс" III дәрежелі, "Парасат" және "Достық" II дәрежелі ордендерінің иегері, "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағының иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

  • Жанпейісова Лариса – 1947 жылы туған, суретші.

    Жолжақсынов Досхан – 1951 жылы туған, актер, кинорежиссер, "Отан" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағының иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

  • Жүзбай Жанғали – 1961 жылы туған, күйшi, "Құрмет" орденінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері.

  • Кесоглу Пантелей – 1955 жылы туған, әнші, "Барыс" I дәрежелі, "Достық" II дәрежелі және "Құрмет" ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

  • Клушкин Юрий – 1937 жылы туған, музыкант, "Парасат" орденінің иегері.

  • Крымская Валерия – 1942 жылы туған, актриса, "Парасат" және "Достық" II дәрежелі ордендерінің иегері.

  • Қалиламбекова Хорлан – 1944 жылы туған, әнші, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағының иегері.

  • Қастеева Зарема – 1947 жылы туған, балерина.

  • Қасымов Қуандық – 1957 жылы туған, актер, "Құрмет" орденінің иегері, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

  • Қыдырбек Балнұр – 1955 жылы туған, композитор, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

  • Ли Камилла – 1944 жылы туған, өнертанушы, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері.

  • Максим Екатерина – 1990 жылы туған, актриса, "Достық" II дәрежелі орденінің иегері.

  • Мәлібекұлы Жандарбек – 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, "Барыс" I дәрежелі және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері.

  • Молдағали Фархат – 1993 жылы туған, режиссер, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

  • Мудряк Мария – 1994 жылы туған, опера әншісі, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағының иегері.

  • Мұқатаева Алтыншаш – 1991 жылы туған, әнші, "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

  • Мұхамедқызы Майра – 1969 жылы туған, әнші, "Отан" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" және "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атақтарының иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

  • Мышбаева Нүкетай – 1936 жылы туған, актриса, "Парасат" орденінің иегері.

  • Недлина Валерия – 1982 жылы туған, музыковед, музыкалық сыншы.

  • Нұрбек Алтынай – 1985 жылы туған, актриса, "Шапағат" медалімен марапатталған.

  • Нүсіпжан Нұрғали – 1937 жылы туған, әнші, "Барыс" III дәрежелі және "Парасат" ордендерінің иегері, "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағының иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

  • Обаев Есмұхан – 1941 жылы туған, режиссер, "Барыс" I және II дәрежелі, "Парасат" ордендерінің иегері.

  • Оразбаев Сәбит – 1936 жылы туған, актер, "Отан", "Барыс" I дәрежелі, "Парасат" және "Достық" I дәрежелі ордендерінің иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

  • Өтекешева Меруерт – 1951 жылы туған, актриса, "Парасат" және "Құрмет" ордендерінің иегері, "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағының иегері.

  • Разиева Гүлвер – 1936 жылы туған, әнші, "Парасат" орденінің иегері.

  • Рахманова Махинұр – 1948 жылы туған, актриса.

  • Сұлтанғазы Бәзіл – 1998 жылы туған, актер, режиссер.

  • Томанов Мұханғали – 1973 жылы туған, режиссер, "Құрмет" орденінің иегері.

  • Төлегенова Бибігүл – 1929 жылы туған, әнші, "Отан" және "Барыс" I дәрежелі ордендерінің иегері, "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағының иегері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 31 Желтоқсан, 2025 13:11