Тоқаев Бас прокурордың орынбасарын қызметінен босатты
Болат Дембаев ҚР Бас прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ашық дереккөз
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының өкімімен Болат Бекназарұлы Дембаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды", – делінген Ақорда хабарламасында.
Ол бұл қызметке 2019 жылғы сәуірде тағайындалған.
Талқылау