Тоқаев банктер туралы заң жылдың соңына дейін қабылданатынын айтты

Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың соңына дейін банктер туралы заң қабылданады деп сендірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заңда бәсекелестікті күшейтудің жолдары мен нарыққа жаңа қатысушыларды тарту, сондай-ақ цифрлық активтердің айналымын ілгерілету мәселелері қарастырылуы қажет екенін атап өтті мемлекет басшысы.
“Үкімет Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп осы заң жобаларын жан-жақты пысықтауға тиіс. Депутаттардан оны жыл соңына дейін қабылдауды сұраймын”, – деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, екінші деңгейлі банктерді белсенді түрде тарту қажет. Қазір оларға депозиттерге қаржы салу тиімсіз, бұл мәселе елде көптен бері талқыланып келеді.
Мемлекет басшысы Ұлттық банк пен Үкіметке банктердің бос өтімділігін экономикалық айналымға тарту шараларын әзірлеуді тапсырды.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен