Тоқаев балалар мен әйелдерге көрсетілген зорлыққа тағайындалатын жазаны қайта қарау жөнінде тапсырма берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жасаған жолдауында әйелдер мен балаларға көрсетілген зорлық-зомбылық үшін тағайындалатын жазаны қатаңдату мүмкіндігін қарауға тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазір азаматтар мен қоғам белсенділерінің әйелдер мен балаларға көрсетілген зорлық-зомбылық жазасын қатаңдату туралы үндеулері жиіледі. Бас прокуратураға аталған сұрақты жан-жақты қарап, мәселені шешуді тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, президент өз жолдауында Алматы облысын екіге бөлу туралы айтқан еді. Сонымен қатар Қапшағай қаласына Д.Қонаев есімін беруді де қолдайтынын мәлімдеді.
Талқылау