Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыржалаңаш суретіңді жариялаймын деді: Меруерт Түсіпбаева өзін бопсалаған ер адам туралы айтты

Әйел өзін бақытты сезіну үшін арқа сүйер азаматы болу керек дейді Түсіпбаева. Эстрада ханшайымы өнер әлемінен не себепті кетпек? Өзіне қоқан-лоқы көрсетіп, бопсалап жүрген азамат кім? Бұл туралы Меруерт Түсіпбаеваның өзі айтты.

Әнші өмірі мен жоспары жайлы Paparazzi бағдарламасында айтты.

"Егер әйелдің азаматы болмаса, әйелдің өзіне деген сенімділігі төмендеп кетеді. Оған мереке сайын сыйлық беріп, қал-жағдайын сұрайтын адам керек. Күнделікті телефон шалып, жағдайымды сұрайтын адам барына қуанамын. Иә, менің арқа сүйейтін адамым бар. Тағдырымда ондай адамның барын жасырмаймын және ризашылығымды айтамын", - деді Түсіпбаева. 

Ал әншінің инстаграм арқылы қорқытып жүрген азамат кім?

"Мені кім қорқытып жүргенін нақты айта алмаймын. Бірақ күмәнданатын адам бар. Мен бір кездері балаларға қарбыздың қабығын жегізген еркек туралы айтқан едім. Сол адам қорқытып жүрген шығар деп ойлаймын. Бірақ көзім жеткен жоқ. Хат жазып қорқытады, тыржалаңаш жатқан суретіңді жариялаймын деп жазады. Оны балам да біледі. Мен еш жерде тыр жалаңаш жатқан жоқпын. Бірақ қазір фотошоп деген нәрсе бар", - деді әнші. 


Меруерт Түсіпбаева: 80 жастағы шал соңымнан қалмай қырындап жүр, шыдамым таусылды


Түсіпбаева өнер әлемінен кеткісі келеді. Себебі...

"Кей адам кенеше жабысып алады. Эстрада жастардың орны. Роза Рымбаева болмаған соң, Димаш болмаған соң сахнаға кенеше жабыспау керек. Уақытында кету керек, қоштасу керек. Мен қалған ғұмырымды балама, немереме арнағым келеді. Жақсы әже болғым келеді. Баламды әжесі өсірді. Бір жасынан бастап әкесіз өсті. Соны балама қайтарып, уақытымды енді арнағым келеді. Ұлымды үйлендіріп, немере сүйгім келеді", - деді Түсіпбаева. 

Меруерт ханым 50-ге келсе де, ерлердің есін тандырып жүр. Сұлулығы мен сымбатын сақтап, өзін күтеді. Алайда анасының кәрілікпен күресіп жүргені ұлыны онша ұнамайды екен.

"Менің жасым 50-де. Кейде бетіме екпе жасатамын. Массаж аламын. Ұлым кәрілікті қабылда, онымен күреспе деп ренжиді. Мен өнер адамымын. Мен алқам-салқам болып жүрсем, не болады? Соны түсіндіріп отырамын", - деді Меруерт ханым. 

Талқылау