Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Меруерт Түсіпбаева: 80 жастағы шал соңымнан қалмай қырындап жүр, шыдамым таусылды

МеруертТүсіпбаева өзіне 80 жастағы қарияның қырындап жүргенін айтты. Әдемі қартая алмаған шалдар осындай ұятсыз әрекет жасайды дейді әнші. Меруерт ханым өзін артық мазаламауды сұрап, өзі сүйген азаматы бар екенін айтты. 

"Кешегі күн ауыр болды. “Пендеміз ғой” ток-шоуы Әлібиге арналды, онсыз да жалғыз басты әкесі әділетсіздікпен күресіп шаршаған, денсаулығы сыр берген, толқып әзер сөйледі. Бағдарламадан ауыр тас көтеріп шыққандай сезімде болдым. Құдай басқа салмасын, жазықсыз Әліби 2 жылға жуық қамауда. Қонақ үйден кешкі ас ішіп, демалайын десем, 80-дегі шал звондайды. "Кездесейік, мен де Астанадамын" деп. Блокқа қоям бұл шалды. Басқа нөмірлерден звондап, арасында сытылып шығып кетеді блоктан. Әдемі қартая алмаған қарияға қақпас дей жаздадым. Маған айтады, қазір кездесейік, саған тосынсыйым бар деп. Скоро 16 желтоқсан сен мақтау парақшасына қол қой дейді. Абсурд!!!! 16 желтоқсанға қарсы, Әлібиді шығарса, маған сол ең керемет атақ дедім де, телефонды жауып, шалдың жаңа нөмірін блоктап тастадым!!!

Әліби кім екенін түсінбей, дал болған шығар. Таңертең ояна салсам, жекеге біреу хат жазады. “Хабар “арнасында жұмыс жасайды деп жазылып тұр екен профильде. Түріне қарасаң, дені сау адам сияқты. Уақыт таңғы 8.30... Лениво жауап жаза салдым... Сөйтсем.... бұл ерте алжыған біреу екен. Мені ғана осындай алжығандар мазалап жүр ме? Жүрегім бос емес, шүкір", - деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары әншінің сөзін қостады.

"Жаным Меруертай, кіршіксіз тазасың ғой, өте таза жансың, ішіңде қоқыс жатпайтын, қатты үлгі тұтам өзіңді, айтарға сөз көп, жеткізе алмай отырмын", "Қос Меруерт, апалы-сіңілі, алтын қыздар сол! Қазақтың бір жазықсыз өксіген ұлына көмектессек деп шырылдаған жүректеріңізден айналдым", "Енді басыңыз бос, бойдақ болған соң ер адамдардың қырындауы заңдылық", "Меруерт ханым, сіздің туралығыңызға, адалдығыңызға қайран қаламын, өнеріңіз, талғамыңыз бір төбе!", "Меруерт сенің арманың, халықтың арманы орындалсын! Әліби аман есен шықсын! Әлбетте шығады осындай жанашыр қыздарымыз жүгіріп жүргенде", деп жазды желідегі оқырмандары.

Талқылау