Тыржалаңаш атып шықты: Атырауда қожайын ұрылардың сазайын берді

Атырауда пәтерге баса-көктеп кіріп тонамақ болған қарақшылар ұсталды. Оқиға Нұрсая ықшамауданындағы көп қабатты үйлердің бірінде болған. Күдіктілер пәтерін ашып жатқан келіншектің ізінен аңдып тұрып, ашқан бойда жабуға мұрша бермей дүрсе қоя беріпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қарақшылар күтпеген жерден қарсылыққа тап болды. Пәтерде ешкім жоқ деп ойлаған ұрыларды үй ішінен іш киіммен атып шыққан ер адам тепкінің астына алып, қуып шықты. Әйтсе де, ентелеген екеу тұрғын үй қожайынынан қашып кеткенімен, полицейлердің құрығынан құтыла алмады. Қазір екі күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Бұлар енді 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Себебі, олар бұрын да қарақшылық үшін жазаланған болып шықты.

"Полиция қызметкерлерінің іздестіру шараларын жедел қолға алуының нәтижесінде екі азамат құрықталды. Олар 1987 және 1992 жылы туған қала тұрғындары болып шықты. Мәліметтер қорын тексеру барысында күдіктілердің бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Қазір бұл екі азаматтың басқа да қылмыстырға қатысы бар-жоғы анықталуда", - деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Коронавирус тағы үш елде тіркелді

Алдағы күндері ауа райы күрт жылынады

Бұған қоса кейбір аймақтарға жауын-шашын түседі

"Димашқа қатты қызықпауға тырысамын": Нұрлан Қоянбаев шоу-бизнестегі әріптестері мен елдің болашағы туралы

Продюсер: "Нұрлан, киноға баруға ақшамыз жоқ" дегенде қатты уайымдап кетемін

"Кез келген қазақ, америкалық бола алады, ал америкалық қазақ бола алмайды"

Кез келген қазақ қаласа, америкалық бола алады. Ал кез келген америкалық қазақ бола алмайды.

«Үш рет ажырассаң себеп сенде»: «Қазақтың Кардашьяны» үш күйеуі туралы айтып берді

Соңғы уақытта «Үш рет ажырассаң себеп сенде. Өзің кінәлісің» деп жазып жатыр

Жапониялық лайнерде болған қазақстандық 4 азамат карантинге жабылды

Нұр-Сұлтан қаласына Токиодан тағы 16 азамат ұшып келген

Қазақстан аймақтарындағы футболды қаржыландыруға кететін ақша кесілмек

Аймақтағы спортты дамытуға бөлінетін қаржының тең жартысы футболға жұмсалады екен

Қазақстанда заңсыз түрде гранатомет саудасымен айналысқан полицей сотталды

Аталған іске байланысты 10 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған

Шымкентте екі адам газдан уланып көз жұмды

Жазатайым оқиғаның себептері анықталып жатыр

Зайсандағы елдің дүрлігуі: Даниал Ахметов аудан басшысын ауыстырды

Ауданның жаңа басшысы ретінде Серік Зайнулдин тағайындалды
Çàãðóçêà...