"Тірлік істеп отыратын қыз емес": Әнші Ayree өзін үй шаруасына икеміз дегендерге жауап берді
Көпшілікке Ayree лақап атымен танылған Әйгерім Рақыш үй шарусын істеуге қиналатынын жасырмай айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан кадр
Белгісіз біреу Ayree туралы: “Үйде тірлік істеп отыратын қыз емес” деп айтқан көрінеді. Әнші ол адаммен толықтай келісіп, сөз растады.
“Келісемін, бұл өмірге Ayree көшбасшылық қабілетпен келгендіктен, лидер бола алатындай тұлға. Өмірде өз өмірі үшін жауапкершілік алып, басқаларды басқара алатындай дәрежеге жету керек болды. Негізі ойын тіке айтатын, ешқандай арам ойы жоқ адам. Ayree үйде тірлік істеп отыратын қыз емес. Ол үшін үй шаруасы қиынға соғады”, – деп жазды Әйгерім Рақыш.
Айта кетейік, бұған дейін 18 жасында тұрмысқа шығып, ерекше баланың анасы атанғанын айтқан болатын.
Талқылау