Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тірі болса 2 жасқа толар еді": Әсел Асқар өмірден өткен ұлын еске алды

Танымал блогер, актриса Әсел Асқар өмірден ерте кеткен ұлына жан тебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/assel.askar/

Өнер иесінің ұлы осыдан екі жыл бұрын шетінеген еді. 

“Бүгін ұлым 2 жасқа толар еді. Үлкен болып өсе бер деген тілек айта алмаймын. Арамызда болғанда үлкен торт үріп тойлатушы едік. Туған күніңе сай бөлмені безендіріп, айналып жүгіруші едің. Түрлі ойыншықпен ойнаушы едің. Саған киімдерді кигізіп көруші едім, ал сен ұстатпай қашушы едің. Анаң сен үшін бәрін жасайтын еді. Мен сені қатты сағындым, мамасының Бусинкасы. Тағдыр – ақымақ. Сен дүниеге келген сәт есіме түсіп, өкіріп жылап алдым”, – деп жазды актриса. 



Сондай-ақ қайтыс болған ұлының атынан өзіне хат жазатын көрінеді. 

“Ұлымның атынан өзіме хат жазамын. Мен үшін осындай қадам қайғымды жеңілдетеді. Ұлым мені жұбатады. Жақсы көретінін жиі айтады. Алайда менің сағынышым күннен күнге артып барады. Мамасының көз жасын күн сайын көре беру ұлыма да оңай емес. Өзім де қиналып кеттім”, – дейді актриса. 

Желі қолданушылары актрисаның ұлын “Шапағатшы болсын!” деп тілеп жатыр. 

 

Талқылау