Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тіпті көрші Өзбекстан да тап-таза": Мәжіліс депутаты қазақстандықтардың тазалыққа салғырттығын сынады

Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев премьер-Министр Олжас Бектеновке жолданған депутаттық сауалында еліміздегі көшелердің тазалығы мәселесін көтерді. Айтуынша оқушылардың сенбілігі мен кезекшілігін алып тастамай, көрші Өзбекстаннан үлгі алуымыз керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото мәжіліс отырысынан скрин

Пономарев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде "Таза Қазақстан"ауқымды науқаны басталғанын еске салды. Алайда депутат тазалықтың тек әкімдердің ғана емес, әрбір азаматтың міндеті екенін атап өтті.

"Біз бәріміз Германияның, Швейцарияның, Жапонияның тазалығына таңданамыз. Тіпті көршілес Өзбекстанда да көше тап-таза. Бірақ бұл олардың билігінің жақсы жұмыс істейтіні немесе қаражаттарының көптігінен емес. Азаматтарының саналылығының арқасында сақталған. Тазалық - қоғамдық құндылық. Көшелердегі тәртіп – елдегі тәртіп.

Мәселен Самарқандқа немесе Токиоға барсақ, олардың таза көшелеріне түкіре аламаймыз ғой! Бұл біздегі ғимаратта темекі шегуге тыйым салу сияқты қабылданбайды", - дейді мәжілісмен.



Сергей Пономаревтің айтуынша, қазір көптеген адамдар сенбіліктерді жойып, балалардың мектепті тазалауын тоқтатуды қолдайды. Алайда бұл дұрыс емес.

"Бірақ бұл балаларды еңбекке баулудың жақсы әдісі. Біз бәріміз бала кезімізде метал, сынықтарды жинап, сынып едендерін жудық. Адам артын тазаласа қоқыс тастамайтын болады. Бұл аксиома", – деп қосты депутат. 

Талқылау