"Тыңдаушы үкімет қайда?!": Роза Рымбаева Жаңаөзен, Қаңтар оқиғасын есіне алды
Фото: Подкастан скриншот
Танымал әнші Роза Рымбаева саяси оқиғаларға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі алаңға шыққан еңбек адамдарын қолдайтынын жасырмады.
“Ол мекеме тыңдамағаннан кейін басшылыққа барып айтады. Олар тыңдамаған соң алаңға шығады. Ол болмаған соң Астанаға келіп айтады. Сонда тыңдаушы үкімет қайда? Бәрін естіп, біліп отыр. Менде сондай сұрақ туындайды. Еріккеннен ешкім шықпайды. Әділетсіздік болған соң халық шығады. Ол жерде қарапайым еңбек адамдары шығып жатыр. Сол жерде жұмыс істеп жатқандар, сырттан келгендер емес, – дейді Рымбаева Қанат Тілеуханға берген сұқбатында.
-
"Үш рет депутаттыққа ұсынды": Роза Рымбаева саясатқа қатысты ойын бөлісті
-
"Балыққа емес, бетіне қарадық": Роза Рымбаева жарнама жасаймын деп сынға қалды
Сондай-ақ халық әртісі 1986 жылы Желтоқсан оқиғасын есіне алды.
“Сол күні таңда адамдар алаңға жиналып жатқанын көрдім. Көшеде адам көп болды. Ол кезде біздің ойымызда тек парад болады деген тұрды. Түске таман Орал қаласына ұшып кеттік. Сол жақта бір апта гастрольдік сапарда жүрдім. Менің көргенім – тек халықтың жиналып жатқаны. 17 желтоқсан ұшып кеттік. Алматыға келгеннен кейін қандай қырғын болғанын естідім. Үймен хабарласа алмадық. Бала-шағамыз сол жастар шыққан алаңда тұратын”, – деді ол.
ТЭЦ-тің газға ауысуы Алматыдағы лас ауа проблемасын шеше ала ма: Сарапшылар мегаполистегі қалың тұмша неден түзілетінін талдап берді