БАҚ: Тимур Құлыбаев Ұлыбританиядағы король отбасының үйін құлатып, жаңа зәулім үй салды
Британ басылымдары Тимур Құлыбаев Ұлыбританиядағы үйінің құрылысын аяқтап жатқаны туралы жазады. Журналистердің сөзінше, қазақстандық олигарх ханшайымның ұлы Эндрюдің зәулім үйін сатып алған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Зәулім үйдің иесі мұнай-газ магнаты Құлыбаев екені расталды. Алайда, құжат бойынша үй Люксембургтегі салықтық компанияның атына тіркелгені анықталды. Құлыбаевтың бұл жерге көшіп келетіні туралы әлі нақты ақпарат жоқ.
Ұлыбританиядағы король әулетінен шыққан Эндрю ханзада анасы сыйға тартқан Винздор сарайының маңындағы 12 жатын бөлмесі бар үй мен Саннингхилл саябағын сатып жібергені ақшаның адам өміріне қалай әсер ететінін байқатқан шулы оқиға болған еді.
Бұл алып сарайды қазақстандық олигарх Тимур Құлыбаев үстіне 3 миллион фунт стерлинг қосып сатып алған. Дегенмен бес жыл бойы сатылымда тұрып, ешкім алмаған үйді қазақстандық қалталының негізгі бағасы 12 миллион фунт стерлингке тағы да үстемақы төлеп сатып алғаны дау тудырып, күмән келтірерлік жағдайға айналды.
Үнемі сату кезінде ешқандай заң бұзушылық жасамағынан алдыға тартып жүрген Эндрю ханзада Құлыбаевпен келісім шартқа отырғанын және олигархтың қайын атасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жақын дос болғанын айтып берді.
- Сати Казанова алғаш рет өзіне Мәскеуден пентхаус алып берген миллиардер жайлы айтты
- Ұлыбританиядағы Назарбаевтың немересіне қарсы іс: Агенттік Нұрали Әлиевке 1,5 миллион фунт көлемінде ақша төлейтін болды
Үйді салу үшін үш жылға жуық уақыт жұмсалған. Қазіргі таңда зәулім үйдің жуынатын жері бар алты жатын бөлмесі, монша, мұз бөлмесі, булану бөлмесі, жаттығу және ойын бөлмесі, екпе егу бөлмесі бар.
Ал үйдің жоғарғы жағы балаларға арналған. Ол жерде екі жатын бөлме мен жуынатын бөлме және киім қоятын бөлме, сонымен қатар күтушінің бөлмесі қарастырылған. Баспалдаққа қарама-қарсы балконы, киім қоятын орны мен қонақ бөлмесі бар екі негізгі жатын бөлме орналасқан.
Ал үйдің сыртқы бөлігінде екі деңгейлі 200 футтық терраса салынып жатыр. Бұл террасаға арнайы бақ салынып, көркем өнерге арналған орынға айналмақ. Сонымен қатар, сыртта 200 футтық жерде батут, субұрқағы бар балалар бақшасы салынып, бұл тізбек теннис кортымен жалғасқан.
Қазіргі таңда ағаштар, гүлдер шөрптер егіліп, соңғы жұмыстар жасалып жатыр. Сонымен қатар кіреберістегі субұрқақтың құрлысы мәресіне жетейін деп қалған.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
