Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлыбританиядағы Назарбаевтың немересіне қарсы іс: Агенттік Нұрали Әлиевке 1,5 миллион фунт көлемінде ақша төлейтін болды

Ұлыбританияның қылмысқа қарсы ұлттық агенттігі (NCA) Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрали Әлиевке қарсы іс қозғап, артынша жеңіліс тапқандықтан сот шығынына кеткен 1,5 миллион фунт стерлинг көлеміндегі қаражатты (шамамен 745 млн теңге) өтейтін болды. Бұл туралы Әлиевтердің Лондондағы өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Нұрали

Әлиевтер отбасының өкілдері бұл шешімге сот іс барысында келгенін жеткізді. 

"NCA 8 шілдеге дейін 500 мың фунт стерлинг (шамамен 248 млн теңге) төлеуі керек", - дейді олар. 

Бұған қоса порталға сұхбат берген отбасы өкілі жалпы қаражат мөлшері 1,5 миллион фунтты құрайтынын айтқан. 

Айта кетейік Лондонның жоғары соты Нұрали Әлиевтің құны 80 миллион фунт стерлинг (104 миллион доллар) болатын үйіне қатысты дауда Назарбаевтың немересінің жағына шығыпты. 

Еске салайық, бұған дейін Дариға Назарбаеваның ұлының үйіне көз салғаны жайлы айтылған еді. 


Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы, жастық шағы

Талқылау