Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тиматиді аузына қаратқан қазақ әншісі ажырасып кеткенін айтты

Ресейдің ТНТ арнасындағы «Песни» музыкалық шоуының қатысушысы Назима Жәнібекова ажырасып кеткенін айтты.

Назима Жәнібекова

Бұл туралы әнші блогер Рауана Қоқымбаеваның жобасында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

«2015 жылдың мамыр айында тұрмысқа шығуды ұйғардым. Ол кезде топтан кеткім келіп жүрген еді. Жігітіммен 3-4 ай кездесіп жүрдік. Ол маған қоңырау шалып, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады. Ата-аналарымыз қарсы болған жоқ. Мен тұрмысқа шықтым, қарым-қатынасымыз жақсы еді. Алайда біраз уақыттан кейін қарым-қатынасымыз бұзыла бастады.

Біз бір-бірімізді түсінуден қалдық. Ұрыса бастадық. 3-4 айдан кейін жүкті болып қалдым. Оны қабылдау маған қиын соқты. Өзімді бақытсыз сезіндім. Бір күні ата-анама хабарласып, бұлай шыдап жүре бере алмайтынымды айттым», – дейді Жәнібекова.

Айта кетсек, «Жұлдыздар фабрикасы», «Хочу стать звездой» байқауларының қатысушысы, Altyn girls тобының бұрынғы қатысушысы Назима Жәнібекова Ресейдегі «Песни» байқауына қатысты.

Ол байқауда Jah Khalib-тің «Мамасита» әнін орындап, төрешілерді аузына қаратқан еді.

Оқи отырыңыз:

4 бала тапқан Жұлдыз Әбдікәрімова мінсіз сымбатын қалай сақтағанын айтып берді (фото)

Шымкент тұрғындары Төреғали Төреәліге ақ боз ат мінгізді (видео)

Бірге суретке түспек болған тыңдарманы екі саусағын көрсеткен Қанаттың қолын қағып жіберді (видео)

Динара Қырықбаеваның қызы сүйкімділігімен жұртты сүйсіндірді (фото)

Талқылау