"Тілім ащы": Баян Мақсатқызы күйеуіне жала жапқандарға ескерту жасады
Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы 100 баспана сыйлаған Тұрсен Алагөзовті сынағандарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, кәсіпкердің бұрынғы әйелі Ляйсира Маратқызы “Тұрсен Сатыбалдыларды араға салып, бизнесімізді алып қойды” деген мәлімдеме жасаған еді.
“Негатив жазғандарды оқығым да, естігім де келмейді. Отбасыма, күйеуіме, қыздарыма қатысты негатив болса, үнсіз қала алмаймын. Хэйтерлер, сендерге айтарым, сендерге мың алғыс! Сендер негатив дүние айтқан сайын, жазған сайын біздегі жаман энергия азайып, кәдімгідей жеңілдеп қалдық. Сендердің өтіріктерің, жалаларың, жанталасып бізді жамандап жатқандарың өздеріңе қара энергия болып, өздеріңе барып жабысады. Сендер бізге күйе жаққан сайын, біздің жолымыз ашылып, әр қадамымыз сәттілікке толып жатыр”, – деп ашуланды продюсер.
-
"Басқа кәсіпкерлер жалғастырсын": Баян Мақсатқызы күйеуінің бастамасына қолдау білдірген халыққа алғыс айтты
-
"Мақтау қағазын аламыз деп ойлады": Тұрсен Алагөзов қызметкерлеріне 100 пәтердің кілтін сыйлады
Одан кейін дәлел үшін басқа да құнды құжаттарды жариялайтынын ескертті.
Күйеуім Тұрсенге, бізге қатысты айтқан өтіріктерің ашылып, масқара боласыңдар. Сөйлесем, менде де тіл бар. Тілім ащы. Егер тынышталмасаңдар, қолымда бар бүкіл құжат-дәлелдерді жариялаймын. Кім кімге, қашан, не деп барғаны, не істегені, не сұрағаны туралы тірі куәгер ретінде айтып бере аламын. Сондықтан ашықтан-ашық өтірік айтуды қояйық”, – деді Баян Мақсатқызы.
Еске салайық, "Зиян шай шығарып, ұрпақты улап жатыр" деп Ахметбек Нұрсила кәсіпкер Тұрсен Алагөзовке қарсы шыққан еді.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
