"Тілі шықсын деп ішекпен қылқындырды”: Желіде бүлдіршінге жасалған оғаш ырым көпшілікті таңғалдырды
Желіде көпшілікті таңғалдырып, талқысына түскен оғаш ырымның видеосы тарады. Онда тілі шықпаған баланың мойынан нағашылары ішекпен қылқындырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео 4 миллионнан астам қаралым жинаған.
“Нағашылары ұлымның тілі шықсын деп ішекпен қылқындырды”,- деп жазды видео авторы.
Таңданған жұртшылық “Бәрібір де біртүрлі жабайылығымыз бар”, “Өлтіріп қоймаңдаршы”, “Не деген ырым бұл”, “Көбірек сөйлесу керек” деп қарсылықтарын білдірсе, енді бірі “Бұл ырым ата-бабамыздан қалған”, “Нағашысы жарады, жиенінің тілі шықсын деп барын салуда” деп тамсанды.
Тілшіміз бүлдіршіннің әкесімен байланысты. Ол видеодағы өзінің ұлы екенін растады.
@artur_askarof #алматыказахстан #алматыказахстан #тикток #алматаорал #хочуврек #рекомендации #дуэт #домтамгдепиала #ПробуйНовоеНаИзи ♬ оригинальный звук - artur_askarof
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"