Тілдің қызаруы қауіпті аурудың белгісі екені анықталды

АҚШ-тағы Ұлттық жүрек, өкпе және қан институтының (NHLBI) мамандары тегіс, майлы және қызарған тіл қауіпті аурудың белгілері болуы мүмкін екенін анықтады. Бұл туралы NHLBI сайтында жазылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тілдің қызаруы В12 дәрумені жетіспеушілігінің белгісі болуы мүмкін. Оның жетіспеушілігі зиянды анемия қаупін арттырады. Мамандардың айтуынша, ағзаға сау эритроциттерді және жүйке жүйесінің қалыпты жұмысын жүргізу үшін B12 дәрумені қажет.

Сонымен қатар бұл дәруменнің жетіспеушілігі нервтерді зақымдап, қолдар мен аяқтардағы шаншу мен жансыздануды, бұлшықет әлсіздігін және рефлекстердің жоғалуын тудыруы ықтимал.

 "Сіз өзіңізді тұрақсыз сезініп, тепе-теңдікті жоғалтуыңыз  және жүру кезінде қиындықтар туындауы мүмкін", - деп жазады мамандар.



Сарапшылардың сөзінше, В12 витаминінің қатты жетіспеушілігі неврологиялық проблемаларды тудыруы мүмкін, мысалы абыржу, алжу, депрессия және есте сақтау қабілетінің төмендеуі. Басқа белгілер: жүрек айнуы және құсу, ентігу, іштің кебуі, іш қату немесе диарея, тәбеттің төмендеуі. 

Витамин жетіспеушілігінің белгілері пайда болған кезде медициналық көмекке жүгіну керек.

Айта кетейік, сиыр еті, бауыр, құс еті мен балық, жұмыртқа, сүт, йогурт, ірімшік В12 дәруменіне бай.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр