Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тікелей эфирде жариялау керек": Қарашөкеев жемқорлармен қалай күресетінін айтты

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев сотталушыдан 2 миллион теңге пара алған Тараз сотының судьясы Фариза Өтешованың ісіне қатысты пікір білдірді. Сондай-ақ өңір басшысы жемқорлармен қалай күрес жүргізетіні туралы  айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ОКҚ

Қарашөкеев жемқорлық мәселесі тек сот жүйесінде ғана емес, барлық саланы жайлап алғанын айтты. 

“Жемқорлыққа қарсы күрес, ол тек сот жүйесінде ғана емес.  Жалпы (жемқорлық – авт.) облыстағы қоғамның, экономиканың даму бағыттарынан да маңызды. Сол себептен, біріншіден, біз жемқорлықтың мүмкіншілігін азайтуды білікті түрде қабылдап, түсіндіру мәселесінде жүйелі шешімдер жүргізіп жатырмыз”, – деді облыс әкімі ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Облыс әкімі жемқорлықпен күресу үшін өзінің ұсыныстары мен талаптары бар екенін айтты. 

“Бірінші мәселе – мектеп, ауруханалар, спорт кешендері. Ол жақта қазір бірнеше құжаттарға өзгерістер енгізіліп  жатыр. Мектептердің директорлары, бас дәрігерлер, спорт кешендерінің басшылары қалай тағайындалып жатыр?! Негізі жаңа талаптар бойынша оның барлығын бұқаралық ақпараттық құралдарды арқылы тікелей эфирде өткізу керекпіз. Ол – менің талабым. Комиссияның басшылары, мектеп директорын қабылдағанға дейін комиссиядан өткізіп, ал тағайындалғаннан кейін оны тікелей эфирде жариялап түсіндіріп беруі керек. Мысалы үш-төрт үміткер болды, соның ішінде осы үміткердің  білімі, тәжірибесі жағынан ең мықты позициясы болды деп түсіндіруі керек. Сол себепті осы үміткер тағайындалды деген сияқты. Жемқорлық мәселесімен күресті сот болсын, басқа салада болсын жүйелі түрде атқарып жатырмыз”, – деді облыс әкімі. 

Өңір басшысы мас күйінде рульге отырып, жол апатына себепкер болған көлік иесінен 2 миллион теңге пара алған Тараз соты судья Фариза Өтешованың ісіне қатысты да пікірін жеткізді. 

“Әрине сіз айтқан факті бойынша әрі қарай сараптама жүргізіп, қажеттілік болатын болса әріптестерімізбен сот жүйесіндегі, прокуратура жүйесіндегі әріптестерімізбен ол жұмысты күшейтеміз”, –  деді ол. 
 

Талқылау