Тибо Куртуа Чемпиондар Лигасында "Қайратқа" қарсы матчта тарихи нәтижеге жетті
Фото: Getty Images
"Реалдың" бельгиялық қақпашысы Тибо Куртуа Алматыда өткен Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі екінші тур ойынында ерекше көрсеткіш тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мадридтік клуб алматылық "Қайратты" Қазақстанда өткен ойында 5:0 есебімен жеңді.
Кездесуде хет-трик жасаған Килиан Мбаппеден бөлек, Эдуардо Камавинга мен Браим Диас та көзге түсті. Айта кетейік, екінші гол кезінде Килиан Мбаппеге нәтижелі пасты команданың қақпашысы Тибо Куртуа берді.
Opta Sports мәліметінше, ол "Реал" тарихында Чемпиондар Лигасының матчында ассист жасаған екінші қақпашы болып тіркелді. Алғаш рет бұл нәтижені 1997 жылы "Олимпиакосқа" қарсы ойында Сантьяго Канисарес орындаған еді.
Еске салайық, келесі турда мадридтік команда өз алаңында "Ювентусты" қабылдайды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

