Хаби Алонсо "Қайраттың" ойынына баға берді
Фото: kursiv.media
Мадридтік "Реалдың" бас бапкері Хаби Алонсо Алматыда өткен Чемпиондар Лигасының ойынынан кейін "Қайрат" туралы пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кездесу испаниялық клубтың 5:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Алонсо қазақстандық команданың деңгейін атап өтті:
"Қайрат Чемпиондар Лигасында ойнауға лайық. Мұнда жанкүйерлердің қолдауы ерекше болды, атмосфера ұмытылмас. "Қайратқа" тек сәттілік тілеймін".
Бапкер сондай-ақ ойынның алғашқы бөлігінде алматылық клубтың белсенділігін мойындады:
"Матч басында бізге қиын болды. "Қайраттың" қауіпті мүмкіндігі де болды. Қарқыны бізді таңғалдырды".
Алонсо сұқбат соңында Алматыға қатысты әсерін де бөлісті:
"Уақытымыз жеткілікті болса, мұнда ұзаққа қалуды қалар едік. Қаланың таулары ерекше әсем".
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі

