Жылдам жасалатын салаттар: ең үздік рецепттер
Жылдам жасалатын дәмді салаттарды қалай дайындауға болады? Мысалға, қарапайым рецепттерде қарапайым азық-түлік қолданылады. Бұл талассыз. Дегенмен, қонақтар салаттағы барлық ингредиенттерді «есептей алмайтындай» етіп, оларды өңдеуге немесе жасауға болады, деп жазады Stan.kz.
Сонымен, қарапайым салаттарда қандай өнімдердің жиі қолданылады.
Ет қосылып жасалатын салаттар
Әдетте, салат жасау үшін талшықтарға бөлінген немесе пісірілген тауықтың туралған төс еті жиі қолданылады. Бірақ, тауықтың аяқ етін салатқа көп қоса бермейді. Пісірілген шұжық немесе ветчина да жиі қолданылмайды. Сондай-ақ, сиыр еті, тілі, жүрек және басқа да ет өнімдері мен саңырауқұлақтарды салатқа жиі қоса бермейді.
Балық
Әдетте, салат жасауда консервіленген балық қолданылады.
Көкөністер
Картоп, қызанақ, қияр, пияз, сәбіз, бұршақ, қызылша, жүгері салатқа жиі қосылатын негізгі өнімдер. Яғни, жоғарыда аталған көкөністердің кез-келгені тауық немесе шұжыққа қосылып әзірлене береді.
Сүт өнімдері
Салатқа қосылатын сүт өнімдері тек ірімшік қана. Салаттың қарапайым рецептерінде сүзбе, йогурт және басқа да сүт өнімдері кездескен емес.
Қосымша өнімдер
Жұмыртқа, саңырауқұлақ, көк шөп, дәмдеуіштер, тұздықтар, майонез және басқа да қоспалар дәміне қарай қолданылады.
Салаттарға қосатын қарапайым тұздықтар
Салат тұздықтары нағыз ғажайыптар жасайды. Тұздықтың ең қарапайым нұсқасы – майонез, қаймақ немесе күнбағыс майының қосылуымен дайындалады.
Тұздық жеңіл және қою деп екі түрге бөлінеді. Біріншісі аса көп емес, өйткені олар өсімдік майының қоспасымен және мысалы, сірке суымен қосылып әзірленеді. Оларға сондай-ақ, соя соусын да қосуға болады.
Ал екінші түрі неше түрлі әдіспен жасалады.
Дәмі тіл үйіретін котлет рецепті >>>
Азиялық қышқыл-тәтті тұздық.
Бұл тұздықты 1 ас қасық бал мен 2 шай қасық соя тұздығын, 1 лаймның шырынын, 4 ас қасық күнжіт майы және біруыс күнжіт дәнін қосып дайындайды.
Өсімдік ұнтақтарының тұздығы.
Оны дайындау үшін үлкен бір уыс шикі балқарағай жаңғағы, бір буда ұсақтап туралған насыбайгүл (базилик), бір тісте сарымсақ, жарты лимонның шырыны, 8 ас қасық зайтүн майы, бір шымшым тұз керек.
Веган майонез.
Бұл тұздыққа авокадо, жарты лимонның шырыны, ұнтақталған қара бұрыш, 1 тіс сарымсақ, бір шымшым тұз, 4 ас қасық зәйтүн майын қосады.
Мексикалық тұздық.
Бұған 1 ас қасық туралған күнзе (кинза), 3 ас қасық лайм шырыны, 1 ащы бұрыш, 3 ас қасық зәйтүн майын қосып жасайды.
Итальяндық тұздық.
Итальяндық тұздықты жасау үшін жарты лимонның сығылған шырыны, тұз, бір буда ұсақтап туралған насыбайгүл, 5 ас қасық зәйтүн майы керек.
Қою тұздықтар майонез, қаймақ, йогурт негізінде дайындалады.
Солардың ішінде ең танымал әдістері:
- Қою тұздықты қаймаққа кетчуп немесе қызанақ шырынын және саңырауқұлақ, я болмаса соя тұздығын қосып жасайды.
- Қаймақ немесе майонезге сарымсақ қосыңыз, ал егер мүмкін болса, көк шөпті блендерден өткізіп қосыңыз. Сонда салатқа арналған тамаша тұздық қана емес, сондай-ақ ет тағамдарына да қосатын соус аласыз.
- Қыша тұздығы. Оны жасау үшін қышаға күнбағыс майын, дәміне қарай аз ғана сірке суын, тұз және дәмдеуіш қосыңыз.
Тунец қосылған классикалық нисуаз салаты
Нисуаз – Францияның Ницца қаласынан келген танымал зәйтүн салаты. Бұл салат 20-шы ғасырдың басында хореограф Джордж Баланчинге дайындалған болатын.
Салатқа қажетті ингредиенттер:
1 бума салат жапырағы, 200-250 грамм черри қызағаны, 80-100 грамм каперс, 200-250 грамм анчоус, 150-170 г бұршаққынды үрмебұршақ, 3-4 жұмыртқа және зәйтүн.
Тұздық үшін
7-8 ас қасық зәйтүн майы, 7-8 насыбайгүл (базилик) жапырағы, 1-2 шай қасық дижон қышасы, 1,5-2 ас қасық сірке суы немесе лимон шырыны, 1 сарымсақ, тұз және дәміне қарай бұрыш керек.
Жасалу әдісі
- Бірінші жұмыртқаны пісіріп аламыз. Егер салатқа бөдене жұмыртқасын қосқыңыз келсе, онда көбірек қосқаныңыз жөн. Оларды шамамен 5-7 минут қайнату жеткілікті.
- Піскен жұмыртқаны суық суға саламыз. Сонда олар жақсы аршылып, жылдам суыйды.
- Үрмебұршақты 5 минутқа қайнаған суға салыңыз да, содан кейін суық суға батырыңыз.
- Жұмыртқамен үрмебұршақ дайын болғанша, тұздық жасаумен айналысамыз.
- Барлық ингредиенттерді блендердің ыдысына салып, ұнтақтаймыз, сонымен бірге оны араластырамыз.
- Салатты үлкен бір ыдыста немесе бірден тәрекелерге салып жасауға болады.
- Жуылған салат жапырақтарын қолымызбен үзіп, дайындалып жатқан тағамға немесе тәрелкеге саламыз. Салат жапырағымен бірге шпинат және руккола қосуға болады.
- Көк шөптердің үстіне туралған анчоусты қойып шығыңыз.
- Зәйтүнді дөңгелек қылып кесіп, салатқа қосыңыз.
- Черри қызанағын және бөдене жұмыртқаларын екіге бөліп, анчоус пен көк шөптің үстіне саламыз. Егер, сіз тауық жұмыртқасын және үлкен қызанақ қосатын болсаңыз, оларды кесектерге кесіңіз.
- Қасықты пайдаланып, салаттың бетіне тұздық құйыңыз да, дастарханға қойыңыз.
Қызылшадан жасалатын салат
Ол үшін 1 қызылша, 40 мл сірке суы, 50 мл күнбағыс майы, 7 г ұнтақталған қара бұрыш, 5 г тұз керек.
Бірақ, пісірілген қызылшадан жасалатын салатқа майонез немесе қаймақ сияқты кез-келген басқа сүт қоспаларын қосу міндетті емес. Ал егер май қосқыңыз келмесе, күнбағыс майының орнына 30 мл майлы емес сәл сулы майонез қосыңыз.
Жасалуы:
1. Қызылшаны мұқият жуыңыз.
2. Содан кейін оны пісіру үшін 10-15 минутқа отқа қойыңыз.
3. Қызылша жұмсарып піскен соң, суын төгіп, тамырлы жеміс суығанша күтіңіз.
4. Осыдан кейін қызылшаны үккіштен өткізіп, ыдысқа салыңыз.
5. Үккіштен өткізілген қызылшаға сірке суын қосыңыз.
6. Сірке суы сіңгенше 15 минуттай күтіңіз.
7. Содан кейін қызылшаны сүзгішке салып, барлық сұйықтықты төгіп тастаймыз.
8. Сосын күнбағыс майы мен қара бұрыш, тұз қосамыз.
9. Соңында барлық ингредиенттерді жақсылап араластырамыз.
Қызыл үрмебұршақ, сухари және шұжық қосылған салат
Ингридиенттер
150 грам шұжық, 1 құты консервіленген бұршақ, 0,5 құты консервіленген жүгері, 1 қызанақ, 70 г сухари, 2 тіс сарымсақ, дәміне қарай көк шөп және 100 грамм майонез керек.
Жасалу әдісі
1. Алдымен, құтыдағы бұршақты сүзгішке салып, суын сорғытып алыңыз. Артық шырышты кетіру үшін суға салып, шайыңыз.
2. Шұжықты ұзыншалап кесіңіз. Туралған шұжықтың ені 0,5 см, ұзындығы 5 см болса жеткілікті.
3. Қызанақты жуып, текше пішінде тураңыз.
4. Жүгерінің суын ағызып, ыдыстағы салатқа қосыңыз.
5. Сарымсақты мыжып турап, майонезбен араластырыңыз.
6. Ақжелкен немесе аскөкті ұсақтап турап, салатқа қосыңыз. Сосын дәміне қарай тұз бен бұрыш қосыңыз.
7. Содан кейін сухари қосып, жақсылап араластырыңыз.
Тауықтың жон етінен әзірленетін салат
Қажетті өнімдер:
1 пияз, 3-4 салат жапырағы, 2 қияр, 1 тауықтың жон еті, 100 г кәрісше сәбіз, 0,5 пакет қарабидай сухариі, 100 г консервіленген жүгері, 100 г қатты ірімшік және 150 гр майонез.
Жасалуы:
1. Салат жапырағын жақсылап жуып, кептіріңіз де жалпақ табаққа салыңыз.
2. Пиязды тазалап, жарты сақина етіп турап, табаққа салыңыз және бетіне сірке суын себіңіз. Сосын оның үстіне қайнаған су құйып, 3 минутқа қойып қойыңыз.
3. Қиярды кішкентай текшелерге бөліп, ас қасықпен табаққа салыңыз.
4. Келесі қабатта немесе шеңбер бойымен пияз, содан кейін сәбіз, орташа ұсақтықта үгітілген ірімшік, сухари және текше етіп туралған тауық етін кезектеп қойып шығыңыз. Осылай, әрқайсысын ретімен бір-бірінің үстіне қойып шығу қажет, бірақ олар араласып кетпеуі керек.
5. Егер салатты төбешік етіп жинасаңыз, онда оның дәл ортасына майонез сығып қойыңыз. Сонда салат гүл секілді болады. Егер ингредиенттерді қабат қылып қойғыңыз келсе, онда үстіне майонез жағу керек. Майонезді ұнатпасаңыз, өсімдік майын қоссаңыз болады.
Егер, салатты шұңқыр ыдысқа салсаңыз, ол әлдеқайда әдемі көрінеді. Сондай-ақ, айта кететін бір артықшылығы сіз бұл салаттағы кез-келген ингредиентті өзгерте аласыз. Мысалы, пияздың орнына тұздалған шампиньон қоссаңыз да, салат дәмін жоғалтпайды.